АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп экс-президент Джо Байден мен Еуроодақ елдері кедергі болмағанда, Украина бойынша келіссөздерде көп нәрсеге қол жеткізер еді, деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
"Егер бұрынғы президент Байден және еуропалық көшбасшылар соңғы алты айда президент Трамптың бейбітшілік орнату бастмасына кедергі келтірмегенде, ол қазіргі жағдаймен салыстырғанда әлдеқайда көп жетістікке жетуі мүмкін еді", - деді Сийярто.
Ол президент Трампқа кедергі жасаған еуропалық және американдық көшбасшылардың ұрыс даласында болып жатқан оқиғаларға өте үлкен жауапкершілік алатынын атап өтті.