АЛМАТЫ,27 шілде - Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Сұлукөл ауылында аграрлық күнтізбедегі ең айтулы шаралардың бірі – AGROFEST – 2025 өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Фестиваль төртінші рет Қазақстанның барлық өңірінен және Ресейдің көршілес аймақтарынан келген агроөнеркәсіп кешенінің жетекші өкілдерін біріктіріп отыр. Екі күн ішінде шараға 8 мыңнан астам адам қатысты.
"Биылғы жылы ерекше көңіл қазақстандық "ақбас" ірі қара тұқымының 75 жылдығына бөлінді. Бұл тұқым алғаш рет дәл осы Батыс Қазақстан облысында шығарылып, бүгінде отандық мал шаруашылығының символына айналды", - делінген хабарламада.
Барлық өңірден келген фермерлік шаруашылықтар мен компаниялар көрме алаңында өз өнімдерін, заманауи технологияларын, жетістіктері мен жаңа әзірлемелерін ұсынды.