Алакөлде әйелді катер қағып өлтірді

Полиция қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алакөл де шомылып жүрген 63 жастағы демалушыны катер қағып өлтірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға 25 шілдеде болған.
"Алакөл көлінде катер жағалаудан шамамен 200–250 метр алыстап кеткен әйелді қағып кеткен. Су көлігін пайдалану қағидаларын бұзу фактісі салдарынан 63 жастағы әйел қаза тауып, полиция қылмыстық іс қозғалды", - дейді ведомство.
Катердің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, қажетті сот-медициналық сараптамалар жасалып жатыр. Сондай-ақ оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жүргізіп жатыр.
Қырғызстанда катер қағып кеткен Қазақстан азаматы көз жұмды