Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Венгрия Украина бойынша шешім 50 күнде шығатынына үміттенеді

Sputnik
АСТАНА, 26 шілде– Sputnik. Венгрия украин қақтығысының шешімі АҚШ президенті Дональд Трамп айтқан 50 күн ішінде табылады деп үміттенеді. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында Венгрияның сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийярто айтты.
"Келіссөздер сәтті аяқталады деп үміттенеміз. Осы 45-50 күнде бір шешімі табылады деп үміттенеміз", - деді Сийярто.
Өткен аптада Трамп егер 50 күн ішінде Мәскеу мен Киев арасында атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілмесе, онда АҚШ Ресейден келетін тауарларға 100% баж салығын және Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қарсы қайталама санкцияларды енгізетінін айтты.