Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Өртті сөндіруге министрліктің жеке құрамынан 57 адам және 15 техника жұмылдырылды.
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде– Sputnik. Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт сауда үйінің екінші қабатындағы екі бутиктен басталған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі ғимарат терезелерінен қою қара түтін шығып жатқанын байқаған.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге министрліктің жеке құрамынан 57 адам және 15 техника жұмылдырылды.
"Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында жалынның көршілес бутиктерге таралуына жол берілген жоқ", - делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.