Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда соғыс ардагері 98 жасқа толды

Туған күн иесіне қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Sputnik
АСТАНА, 26 шілде - Sputnik. Алматыда қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Кудинді туған күнімен құттықтады.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы
Әскерилер туған күн иесіне қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыс етті.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы
Ардагер әскерге шақыру жасына жетпегендер туыстарын майданға қалай шығарып салғанын айтып берді. Жылдар өтті, көптеген адамдар жақындарынан айырылды, бірақ жауды жеңеміз деген үміт басым болды дейді.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы
1927 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында дүниеге келген Илья Кудин 1944 жылдың аяғында он жеті жасында соғысқа шақырылған. Қазақстаннан аттанған сарбаз артиллерияда қызмет етті және гитлерлік Германия жеңілгеннен кейін оның бөлімшесі жапондарға қарсы ұрыс қимылдарына қатысу үшін Қиыр Шығысқа жіберілді. Илья Григорьевич әскерге кеткеннен жеті жыл өткен соң үйіне оралды.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы
Туған жерінде зейнетке шыққанша ол механизатор болып жұмыс істеді. Ел алдындағы әскери және елге сіңірген еңбегі үшін майдангер II дәрежелі Отан соғысы орденімен және "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Ветерана войны Илью Кудина поздравили с днем рождения в Алматы
Бүгінде майдангер Алматыда тұрады, үш бала тәрбиелеп өсірді, тоғыз немересі мен алты шөбересі бар.