Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Путинмен кездесу туралы мәлімдеме жасады

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский бұған дейін Путин мен Зеленскийдің кездесуі үшін алдымен келісім шарттарын пысықтау қажеттігін айтқан болатын
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге бағытталған қадамдар туралы мәлімдеді, деп хабарлады РИА новости РБК-Украина агенттігіне сілтеме жасап.
"Біз әрқашан көшбасшылар деңгейінде кездесу мәселесін көтереміз. Олар қазір бізбен сөйлескенде осы туралы айта бастады. Бұл қазірдің өзінде кездесудің қандай да бір форматына бағытталған қозғалыс", - дейді ол.
Сәрсенбіде Стамбулда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің үшінші кезеңі өткен болатын. Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, Путин мен Зеленскийдің кездесуі үшін алдымен келісімнің шарттарын пысықтау қажет. Ол Ресей тарапы Украинаға кездесуге тиісті түрде дайындалу керек екенін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей мен Украина Ыстанбұлда қандай келісімге келді