Солтүстік Қазақстанда әйел кәріз құдығына құлап қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша ол уланып қалған
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 шілде - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишим ауылында әйел адам кәріз құдығына құлап қаза болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға "Тарлан" ЖШС бас кәріз сорғы станциясының аумағында болған. Кәріз құдығына құлаған әйел станция қызметкері.
"Алдын ала мәлімет бойынша, станция қызметкері кәріз сорғы станциясында құдыққа құлап, улы газдан қайтыс болды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза болды