Астана спортшылары жарты жылда 5000-нан астам медаль жеңіп алды

Олар халықаралық деңгейдегі жарыстарда 646 медаль жеңіп алған
Sputnik
АСТАНА, 25 шілде-Sputnik. Елордалық спортшылар алты айда бірқатар додаларда топ жарып, 5000-нан астам медальға ие болған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Алты айда Астана құрамасының спортшылары бірнеше медаль жеңіп алды:
алтын - 1 956;
күміс-1 706;
қола - 1 613.
Астана спортшылары жарты жылда 5000-нан астам медаль жеңіп алды
Астана қаласының құрама командасы спортшылары әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шараға қатысқан:
қалалық деңгейдегі жарыстарда - 1255 жүлделі орын;
республикалық деңгейдегі жарыстарда — 3374 медаль;
халықаралық жарыстарда - 646 медаль жеңіп алды.
Астана спортшылары жарты жылда 5000-нан астам медаль жеңіп алды
Елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Астана құрамасының спортшылары 1 308 спорттық іс-шараға қатысты:
54 қалалық жарыс;
661 республикалық;
266 халықаралық жарыс;
327 оқу-жаттығу жиыны.
Астана спортшылары жарты жылда 5000-нан астам медаль жеңіп алды

"Елордалық спортшылардың әлемдік ареналардағы жеңістері мен жоғары нәтижелері - еліміздегі спорттың қарқынды дамуының бірден-бір айғағы. Олар Қазақстанның туын көтеріп, бүкіл әлемде "Қазақстан" атауын дәріптейді және елдің беделін нығайтады", - деп мәлімдеді әкімдікте.

Бұл жетістіктер күн сайын артып, қазақстандық спорттың дамуына елеулі үлес қосуып келеді, дейді әкімдік.
Спорт
Милад Карими әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтынын жеңіп алды