Жарты жылда өндірістегі жазатайым оқиғалардан 77 адам қаза тапқан

Өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі Қарағанды облысында тіркелген
Sputnik
АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардан 584 жұмыскер зардап шегіп, оның 77-сі қаза тапты. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану 2024 жылдың екінші жартыжылдығымен салыстырғанда 16,6%-ке төмендеген.
Республиканың өнідірістік аймақтарында жарақат алудың ең жоғары деңгейі:
Қарағанды облысында - 61 адам;
ШҚО-да – 50 адам;
Павлодар облысында – 44 адам;
Атырау облысында – 40 адам;
Ақтөбе облысында – 39 адам;
Алматы қаласында 51 адам зардап шекті.
Экономиканың салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешенінің өнеркәсіптерінде – 18,1 % және құрылыс саласында – 9,2%.
Жазатайым оқиғалардың орын алуының негізгі себептері:
өндірістегі жұмыстың тиісті деңгейде ұйымдастырылмауы (34,6%);
жәбірленушінің абайсыздығы (32,9%);
жол қозғалысы ережелерін бұзу (8,6%);
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу (7,1%).
Еңбекті қорғау фактілерінің бұзылушылықтары бойынша құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғаларды тергеудің 439 материалы жіберіліп, соның негізінде 139 қылмыстық іс қозғалды.
Қарағандыда кәріз құдығын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза болды