АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. РФ Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Ресейді Жапониядағы парламент сайлауына араласты деп айыптаған сарапшылардың сөзіне пікір білдірді.
"Егер бұл рас болса, онда Sputnik журналистері еңбекақысына үстеме талап етуі керек!", - деп әзілмен жауап берді Мария Захарова.
Бұған дейін "Жапонияның құқық және ақпараттық жүйелер институты" сараптамалық орталығының қызметкері Итиро Ямамото оппозициялық кандидат, әнші Сая сайлау қарсаңында Sputnik Жапония ақпарат агенттігіне сұхбат беріп, өте танымал болып кеткенін айтқан.
20 шілдеде өткен сайлауда ЛДП мен "Комэйто" партиясынан құралған басқарушы блок парламенттің жоғарғы палатасындағы басымдықтан айырылды.