Визасыз 90 күн: Түркия азаматтарының Қазақстанда болу ережеcіне өзгеріс енгізілді

Қаулы жобасы 2025 жылдың 28 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Үкімет қаулының жаңа жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады.
Құжатқа сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз бола алады. Бұрын тек 30 күн болатын.
"Жобаны қабылдаудағы мақсат - Түркия Республикасымен тығыз ынтымақтастықты дамыту, Қазақстанда қолайлы инвестициялық және туристік ахуалды құру, сондай-ақ экономикалық дипломатияны жандандыру", - деді үкіметте.
Түркиядағы қазақстандықтар үшін 90/180 ережесі бойынша осындай режим 2018 жылдан бастап қолданылады. Құжатта Иран мен Үндістан азаматтары туралы да айтылған. Егер олардың республикада болу уақыты күнтізбелік 14 күннен аспаса, олар Қазақстанға визасыз келіп кетеді.
Қаулы жобасы 2025 жылдың 28 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз режим сақталады - министрлік