Тұрмысы төмен отбасыларды 110 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Ақша берген адамдар 2-3 айдан кейін алданып қалғанын түсінген
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Алматы облысында тұрмысы төмен отбасыларды алдаған алаяқ сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Қаскелең қаласының 47 жастағы тұрғыны жоғары білімі болса да, ресми түрде ешқайда жұмыс істемеген. Бірақ бәріне өзін әкімдік қызметкерімін деп таныстырып, жағдайы төмен адамдарға арналған арнайы бағдарлама арқылы ипотекаға пәтер рәсімдеп беруге уәде еткен. Осылайша, баспана алғысы келіп жүргендерді 110 млн теңгеге алдап кеткен.
Ақша берген адамдар 2-3 айдан кейін алданып қалғанын түсінген. Себебі ешқандай пәтер рәсімделмеген, алаяққа берген ақшасын қайтара алмаған.
Полиция күдіктіні бірден ұстады. Тергеу кезінде оның кінәсі толығымен дәлелденді. Сот үкімімен алаяқ 4 жыл 8 айға бостандығынан айырылды.
Сотталған алаяқ жәбірленішулердің 75 млн теңгесін қайтарып бере алмады. Сот оны ақшаның бәрін қайтаруға міндеттеді.
Түркістан облысында алаяқ тұрғындарды 92 млн теңгеге алдаған