Тоқаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Sputnik
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, Ресейде 49 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, оның ішінде 5 бала және 6 экипаж мүшесі болған.
Ұшақ Амур облысының көгінде ұшып бара жатқанда байланысқа шықпай қалған.
Ресейде 49 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады