Қазақстан Ресейдің теңіз порттары арқылы мұнай жөнелтуді тоқтатқан жоқ - министрлік

Ведомство батыс БАҚ-тағы хабарламаларды жоққа шығарды
Sputnik
АСТАНА, 24 шілде - Sputnik. Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресейдің Қара теңіз порттарында қазақстандық мұнайды жөнелту тоқтатылды деген ақпарат тарады.
23 шілдеде Reuters өз дереккөздеріне сілтеме жасап, көлемді мақала жариялады. Ал келесі күні Қазақстанның энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайды Ресей Федерациясының теңіз порттары арқылы жөнелту тоқтатылған жоқ. Усть-Луга портындағы жағдай бойынша көлік инфрақұрылымы объектісінің қорғанысын арттыру мақсатында қосымша шаралар енгізілді. Осыған байланысты "ҚазТрансОйл" Невская құбыр компаниясымен келіссөздер жүргізуде", - деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар бүгін "ҚазТрансОйл" компаниясының бас директоры Арман Қасенов энергетика министрлігіне жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есеп берді.
"ҚазТрансОйл" бас директоры Арман Қасенов энергетика министрлігіне жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
Оның есебіне сәйкес, мұнайды экспортқа тасымалдау "Атырау - Самара", "Атасу -Алашанькоу" мұнай құбырларын, Ақтау порты мен Каспий құбыры консорциумы жүйесін қоса алғанда, барлық негізгі бағыттар бойынша кестеге сәйкес жүзеге асырылды. Ресей мұнайының Қытайға транзиті де жоспарлы режимде жіберілді.
"ҚазТрансОйл" бас директоры Арман Қасенов энергетика министрлігіне жарты жылдың қорытындысы бойынша есеп берді
Ішкі нарық та қамтылған, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына 9 миллион тонна мұнай жеткізілді. Компанияда қазақстандық мұнайдың экспорты мен транзиті қамтамасыз етілді, деп атап өтті Қасенов.
Қытайға мұнай жеткізу көлемі артады – Қазақстан Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр