Қытайлық компания Шығыс Қазақстандағы газ жобасына 2 млрд доллар инвестиция салмақ

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Қытай Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында табиғи газ өндіруі мүмкін, деп хабарлады өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен қытайлық Holding Group Co Ltd инвесторлары келісті.
"Әңгіме 2 млрд долларға жуық инвестиция тарту және 1000-нан астам жұмыс орнын құру туралы болып отыр", - делінген хабарламада.
Инвесторлар жобаны қолдау туралы шешім қабылдамастан бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жүргізген.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың алдын ала жоспарын талқылады, сондай-ақ бейінді ведомстволар мен сарапшылардың егжей-тегжейлі қатысуын келісті.
Сұйытылған газ бағасы сақталады - министрлік бұйрық шығарды