Қазақстан шекарасы арқылы қос мақсатты тауарларды қалай тасымалдауға болады

Рұқсатсыз тасымалдаумен айналысқандарға айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. ЕАЭО аясында қосымша құн салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы Аслан Тобықбаев Қазақстан шекарасы арқылы қос мақсатты тауарларды қалай тасымалдауға болатынын айтты.
Әскери құрал-жабдық, техника және қос мақсаттағы тауарлар, яғни арнайы тауарлардың тізіміне 5000-нан астам тауардың атауы кіреді. Ал оны Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекітеді. Өнімді бақылау Қазақстан, Ресей, Қырғызстанды қоса алғанда, ЕАЭО-ның сыртқы және ішкі шекараларында, сондай-ақ үшінші елдермен – Қытай және Өзбекстан шекараларында қолданылады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды заңсыз әкетуге 100-ден астам әрекет жасалды, деп толықтырды Тобықбаев.
Құқық бұзғандарды не күтіп тұр
Рұқсатсыз жүк тасымалдағандарға айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тобықбаевтың айтуынша, талаптар барлық жерде бірдей: тасымалдау үшін рұқсат құжаты қажет.
ЕАЭО елдерінде жүк тасымалы цифрландырылады