Доллар көтерілді: айырбастау пунктерінде 542 теңгеден сатылып жатыр

Шілдеде Ұлттық валютаның төмендеуін Ұлттық Банк маусымдық сұраныспен түсіндірді
Sputnik
АСТАНА, 23 шілде-Sputnik. Қазақстанда американдық доллар бағамы қайтадан көтерілді. 23 шілде күні таңертең елордада 1 доллар үшін 540 теңге сұралды. Осы уақытта Қазақстан Ұлттық Банкі ресми бағамды 531,96 теңге деңгейінде белгіледі.
Өңірлерде доллар одан да жоғары көтерілген. Орал қаласында 542 теңгеге жеткен.
1 / 2

2025 жылғы 23 шілде

Астана айырбастау орындарындағы доллар бағамы

2 / 2

2025 жылғы 23 шілде

Астана айырбастау орындарындағы доллар бағамы

Астанада 17 шілдеде доллар 536-537 теңге шамасында болған.
Астана айырбас орындарындағы доллар бағамы 17 шілде
Шілде айында теңге долларға қатысты төмендей бастады. Ұлттық банк мұны маусымдық сұраныспен түсіндірді. 3 шілдеде сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 519 теңгені құрады.
Доллар алу керек пе – министр кеңес берді