"Апорт" алмасы қайта жаңғыртылады

2027 жылдың соңына дейін 110 гектар бақ отырғызу көзделіп отыр
Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. 2025–2028 жылдарға арналған "Апорт" алмасының сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді.
"Апорт" алмасы қайта жаңғыртылады
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталды және еліміздің бірегей мәдени мұрасы әрі символы саналатын "апорт" алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған.

"Астана 20" мемлекеттік қорының белсенді қолдауымен сапалы көшет материалын өсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл материал болашақта "апорт" сортын отырғызатын жаңа бақтардың негізіне айналмақ. Ақпан айында сапалы көшеттер дайындау мақсатында 10 гектар алқапта қысқы көзтаңба (окулировка) жұмыстары жүргізілді", - дейді ауыл шаруашылығы министрі.

Айта кетейік, 2027 жылдың соңына дейін 110 гектар бақ отырғызу көзделіп отыр.
"Апорт" алмасы қайта жаңғыртылады
Бұдан бөлек, "апорт" алмасын ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Апорт алмасы әлемдік нарыққа шығады