2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚТЖ желісі бойынша экспортқа 16 млн тоннадан астам тас көмір жөнелтілді.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ке немесе 2 млн тоннаға артық.
"Үндістан мен Түркияға жеткізілімдер айтарлықтай өсім көрсетті. Бұл елдерге экспорт көлемі екі есеге артып, тиісінше 1,4 млн және 1,6 млн тоннаны құрады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Қырғызстанға жеткізілім 24%-ке, яғни 280 мың тоннаға дейін, ал Ресейге жеткізілім 8%-ке, яғни 11,8 млн тоннаға дейін өсті.