Төлқұжатта қар барысының бейнесі пайда болады

Бұл - жаңа қорғау белгісі
Sputnik
АСТАНА, 22 шілде-Sputnik. Үкімет отырысында ІІМ басшысының орынбасары Бауыржан Әленов ведомство төлқұжатты қорғау деңгейін арттыру бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Ол сондай-ақ жаңартылған паспорттың қандай болатынын көрсетті. Төлқұжаттың ұсынылған үлгісінде жоғарғы оң жақ бұрышында қар барысының бейнесі орналасқан.
Паспортта қар барысының бейнесі пайда болады
ІІМ қазақстандықтар 43 елге визасыз бара алатынын еске салды. Ал, қорғаудың жаңа дәрежелері қашан енгізілетіні туралы әзірге айтылмады.
Мерзімі өткен жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн ауыстыруға болады