Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыратын агенттіктерді бақылау күшейтіледі

Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жекеменшік агенттіктерді бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында көші-қон мәселесі қаралды. Бектенов шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жекеменшік агенттіктерді бақылауға алу қажеттігін айтты.
"Азаматтарымызды шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын жеке агенттіктердің қызметіне мұқият назар аудару қажет. Қазір олар ешқандай жауапкершілік алмайды және бақылаудан тыс қалып отыр. Жыл соңына дейін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін лицензиялау бөлігінде тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленуі керек",-деді Бектенов.