АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің үшінші кезеңі Ыстанбұлдағы Чираган сарайында өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлады РИА Новостиге ұйымдастырушылардың бірі.
"Кездесу өтетін жердің бақшасында баспасөз өкілдері үшін медиапарк ұйымдастырылады. Аймаққа кездесу өтетін күні сағат 08:00-ден бастап кіруге болады", - деді агенттіктің дереккөзі.
Оның айтуынша, делегациялар кездесу өтетін жерде баспасөз конференциясын ұйымдастыра алады, ол үшін екі бөлек зал дайындалады.
Анкара Ыстанбұлдағы Ресей мен Украина арасындағы ықтимал келіссөз атысты тоқтатуға және аймақта бейбітшілік орнатуға ықпал етеді деп үміттенеді, деп хабарлады Түркия басшысының әкімшілігі.
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің жаңа кезеңі 24-25 шілдеде өтеді.
"Президент мырзаның (Ердоған – ред.) бітімгершілік процесінде жеңілетін тарап болмайды деген мәлімдемесін еске салғым келеді. Біз атыс тоқтап, аймақта бейбітшілік орнайды деп үміттенеміз. Мұны бүкіл әлем күтіп отыр деп ойлаймын", - деді РИА Новостиге Түркия президенті әкімшілігінің өкілі.
2 маусымда Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздің екінші кезеңі өтті. Ресей делегациясын бұрынғыдай президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарып барды. Украина делегациясына елдің сол кездегі қорғаныс министрі Рүстем Умеров жетекшілік етті.
Ресей мен Украина тұтқын алмасу туралы келісімге келді: науқастар мен ауыр жаралылар, 25 жасқа дейінгі тұтқындар алмастырылды.