ЕАЭО елдері арасында ең жоғары жылдық инфляция Қазақстанда тіркелді

Азық-түлік бағасы едәуір өскен
Sputnik
АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-дағы тұтыну бағаларының индексі туралы статистиканы жариялады.
Құжатта ЕАЭО елдері арасындағы ең жоғары жылдық инфляция Қазақстанда тіркелгені (11,8%) айтылған.
Сонымен қатар елде азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі тіркелді – 7,6%. Салыстыру үшін Беларусьте – 7,2%-ға, Қырғызстанда – 5,6%-ға өскен.
Азық-түлік емес тауарлар бағасы да Қазақстанда ең көп қымбаттаған – 4,5%. Ал Арменияда, керісінше, 0,8%-ға төмендеген.
Сондай-ақ Қазақстанда ақылы қызметтер бағасы айтарлықтай – 8,7%-ға өсті.
Қазақстанда қандай азық-түлік тауарлары қымбаттады