Душанбеде Орталық Азия халықаралық экономикалық форумы өтіп жатыр

Іс-шараға Орталық Азия елдері мен Ресейден 500-ден астам адам қатысып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 шілде - Sputnik. Душанбеде Орталық Азия халықаралық экономикалық форумы басталды.
Күн тәртібінде еуразиялық ынтымақтастық, логистика және туризмді дамыту тақырыптары қозғалады. Сондай-ақ су ресурстарын басқару жайы мен орыс тілі мәселесі айтылады.
Бұл іс-шарамен "Еуразия жүрегіне саяхат" экспедициясы аяқталып отыр, оның қатысушылары Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан аумағы арқылы 10 мың шақырым жол жүріп өтіп, Тәжікстанда мәреге жетті.
Ресей өнеркәсіп министрінің орынбасары Роман Чекушов, маркетплейстер, электрондық коммерция және дамыған логистикалық инфрақұрылым Орталық Азиядан келетін тауарлар үшін Ресейге жол ашатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша аймақ елдері технологиялық салада ресейлік бизнеспен ынтымақтастыққа, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға мүдделі.
Видео
Еуразиялық экономикалық форумға мемлекет басшылары қатысты – видео