Астанадағы LRT депосы 50 процентке дайын

Sputnik
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. "City Transportation Systems" компаниясы Астанадағы LRT депосының құрылысы 50 процентке аяқталғанын хабарлады.
Депода жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және сақтау шаралары атқарылады.
"Кешенді орталыққа басқару орталығы, пайдалану депосы, жөндеу депосы, локомотив депосы сияқты бірнеше негізгі нысандар кіреді. Депоның кешенді орталығын құру LRT техникасын пайдалануға, жөндеуге және қызмет көрсетуге байланысты барлық процесті орталықтан басқаруға мүмкіндік береді", - дейді компания мамандары.
Қазіргі кезде темірбетон және металл конструкциялық жұмыстар аяқталды. Ішкі бөлімдерді монтаждау шаралары басталып кетті.
Депо барлық 18 станцияны, пойыздардың қозғалысын және барлық LRT инфрақұрылымының жай-күйін тәулік бойы бақылайды.
Айта кетері, қыркүйек айында LRT сынақтан өткізіледі. Ал келесі жылы бірінші тоқсанның соңында жолаушылар жаңа қоғамдық көлікті пайдалана алады.
Астана әкімі LRT-ның нақты қашан іске қосылатынын айтты