Құны 1 млрд-тан асатын орман алқабы мемлекетке қайтарылды

Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң жауапкершілікке тартылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 шілде - Sputnik. Ақмола облысында орман қорының 100 гектардан астам жері қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ақмола облысында орманға қатысты ұзақ және қысқа мерзімді орман пайдалану заңнамасы бұзылған.
"Жосықсыз орман пайдаланушылармен жасалған шарттар бұзылып, ауданы 100 гектардан асатын, кадастрлық құны 1,3 млрд теңге болатын 4 жер учаскесі қайтарылды", - дейді ведомство.  
Орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатаң жауапкершілікке тартылды.
Абай облысында 42 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды