АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Ресейдің ішкі істер министрі Владимир Колокольцев Өскеменге барды, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Ол екі елдің ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқасының отырысына қатысады.
Күн тәртібінде жедел-іздестіру қызметі және синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылады.
Өскемен әуежайынан Владимир Колокольцевті Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов күтіп алды.