АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Бангладеште әскери ұшақ мектеп пен колледж аумағына құлап, 19 адам қаза тапты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, 10-55 жас аралығындағы 150-ге жуық адам зардап шекті. Олар ауруханаларға жатқызылды, басым көпшілігінің жағдайы ауыр.
Қайғылы оқиға балалар сабақ оқып жатқан уақытта болған.
Апат орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде.
Бангладеште ертең 22 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.