АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Ыстанбұл Украинамен арадағы келіссөздің алаңы болып қала береді. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігіне келіссөз тобындағы дереккөз айтты.
"Ыстанбұл келіссөздерді жүргізудің алаңы болып қала береді", - деді жағдайға жақын ақпарат көзі.
Қазіргі кезде Түркия Ыстанбұлда Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздердің үшінші кезеңін өткізу бойынша тараптардан нақты ақпарат күтіп отыр.
Бұған дейін Ураина басшысы Владимир Зеленский Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Ресейге келесі аптада келіссөз топтарының кезекті отырысын өткізуді ұсынғанын айтты.
Ресей келіссөз тобындағы дереккөз ұсыныс туралы ақпаратты "растайтынын" айтты.
"Киевтен келген сигнал келіссөз күні жақын арада белгілі болады деп үміттенуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады ол.