Қазақтың заманауи киіз үйі халықаралық байқауда үздік деп танылды

Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Алматылық дизайнер жасаған киіз үйдің заманауи үлгісі Design Educates Awards 2025 халықаралық сыйлығының бір аталымында үздік деп танылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Architectural Design" аталымында жеңіске жеткен жоба байқаудың ресми сайтында жарияланды.
"25 шаршы метрлік киіз үйде жатын, жұмыс орындары, ас үй мен дәретхана бар. Ал жиналатын жиһаздың арқасында ішкі кеңістікті барынша пайдалануға болады", - делінген таныстырылымда.
Заманауи киіз үйде ағын суларды биологиялық тазарту жүйесі де бар. Ал телескоптық панельдер қозғалып тұрады. Соның арқасында ауа райына қарай киіз үйдің қабырғасы мен төбесін ашып жабуға болады.
Қазақтың заманауи киіз үйі халықаралық байқауда үздік деп танылды
Төбеде орнатылған күн батареялары 5,3 квт энергия өндіре алады. Соның арқасында тұрмыстық техника істеп тұрады.
Ақтауда шенеуніктер киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған