Алматыда пойыз төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Бала тірі қалды, оған медициналық көмек көрсетілді
Sputnik
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Оқыс жағдай Алматы-2 станциясында болды. Жасөспірім пойыз төбесіне шығып, электр тогына түсіп қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылдың 19 шілдесінде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясындағы кезекші оқиғаны тіркеді. Кәмелетке толмаған (бала, 15 жаста) вагон төбесіне өз еркімен шығып кеткен. Салдарынан электр тогы соғып, денесін күйік шалған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға орнына жедел медициналық көмек бригадасы келді. Бала тірі қалды, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазір қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ темір жолы қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске салды.
"Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.
Оралда қосалқы станцияда тоқ соққан бала көз жұмды