Қостанайда дәрігерді ұрып, жансақтау бөліміне түсірген ер адам қамауға алынды

Қылмыстық кодексте бұл заңбұзушылық бойынша алты жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған
Sputnik
АСТАНА, 19 шілде – Sputnik. Қостанай облысының полиция департаменті хирургті ұрған ер адамның қамауға алынғанын хабарлады.
"17 шілде дәрігерге шабуыл жасағаны үшін ұсталған күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалды. Қазіргі уақытта ер адам тергеу изоляторына қамалды", - делінген ресми хабарламала.
Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодектің 106-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сараланып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, заң бойынша адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін алты жылдан он жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал жәбірленуші қайтыс болса, он екі жылға дейін соттауы мүмкін.
Бұл оқиға Қостанай облыстық ауруханасында болды. Хирург ота жасап шығып, қабылдау бөлімінде науқастарды қарауға барған. Кезекте тұрған бір пациент кенеттен ашуға бой алдырып, дәрігерді бір ұрған. Хирург есінен танып қалып, жансақтау бөліміне түсті.
Қарағандыда ер адам балалар ауруханасында екі дәрігерді ұрып тастады