АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Сырдария арқылы жарты шақырымдық теміржол көпірі салынады, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісін салу бойынша ауқымды жоба аясында Сырдария өзені арқылы көпір салуға қатысты дайындық жұмыстары басталған. Ғимараттың ұзындығы 500 метрді құрайды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын дайындау және техниканы жұмылдыру жұмыстары жүріп жатыр.
"Ұзындығы 152 км жаңа тармақ салу бойынша белсенді жұмыстар Ердаут станциясынан Сырдария өзенінің жайылмасына дейінгі учаскеде жүргізілуде. Қазірдің өзінде 6 миллион текше метрден астам жер төсемі құйылды, бұл жалпы көлемнің 50% құрайды. Сонымен қатар, жасанды құрылыстарды монтаждау жүргізілуде: жоба аясында барлығы 35 көпір салу және 135 құбыр орнату жоспарланып жатыр", - делінген хабарламада.
Құрылысқа 600-ден астам адам және 300-ден астам техника жұмылдырылған.
Жаңа теміржол тармағы шамадан тыс жүктелген Сарыағаш – Ташкент учаскесінің, сондай-ақ Сарыағаш шекара маңы станциясының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, бұл Орталық Азия елдері бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайту үшін жағдай жасайды.
Жаңа желі Өзбекстан аумағы арқылы өту қажеттілігін болдырмай, шалғайдағы Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстан темір жолдарының негізгі желісімен байланыстырады. Темір жол құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланған.