АСТАНА,18 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинада бейбітшілікке тез қол жеткізе алмады, бірақ Джо Байден немесе Камала Харрис бастаған демократтар билікте қалғанда, ендігі үшінші дүниежүзілік соғыс басталып та кеткен болар еді, деп мәлімдеді Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан.
"Президент Трамп қаңтардан бері билікте отырса да, әлі күнге дейін бейбітшілікке қол жеткізе алмады, бұл жақсы емес. Алайда оның билікке келгеніне қуанайық, өйткені Байден немесе Харрис есімді әйел оның орнында болса, менің ойымша, біз қазірдің өзінде дүниежүзілік соғыс жағдайында болар едік. Біздің дүниежүзілік соғыс жағдайында болмағанымыз – әрине, жақсы", - деді Орбан Ultrahang интернет порталына берген сұхбатында.
Венгрия премьер-министрі 2025 жылдың бірінші жартысында қақтығыс тоқтайды деп күткенін, бірақ болжамы орындалмағанын атап өтті, өйткені еуропалықтар украиндарды керек болса, тіпті Америка президентімен қақтығысқа түсеміз деп сендірген және украиналықтар соғысты жалғастыру үшін Киевке кепілдік берген, еуропалық салық төлеушілер есебінен барлық шығынды өтеуге шешім қабылдаған.
Оның айтуынша, Украина бұл ұсынысқа келісіп, "сол себепті соғыс әлі жалғасып жатыр".
Орбан сондай-ақ ЕО-ның жаңа бюджеттік жоспарын сынға алды, "оның 20-25% автоматты түрде Украинаға, ал тағы 10-11% бұрын алынған несиелер бойынша пайыздарды төлеуге кетеді".