Ақмола облысында пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралуда
Sputnik
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.
"Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оған бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 30 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта ұйымдастырылып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірген болатын. 8 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры болып Нұржан Құсайынов тағайындалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы басшысы ұсталды