Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген адам қамауға алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 шілде – Sputnik. Астанада Абайдың нақыл сөздері жазылған стендті бүлдірген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
49 жастағы ер адам Сығанақ көшесіндегі аллеяда конструкцияны сындырған және ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың нақыл сөздері жазылған плакатты жыртып тастаған.
"Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды", - дейді полиция.
Жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана бүлдіру бойынша 131 құқық бұзушылық тіркелген. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікті әдейі бүлдіргендерге қатаң шара қолданатындарын ескертті.