Қызылша және көкжөтелмен ауыратындар саны азайған

Сондай-ақ есепті кезеңде оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Алты айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
"31 инфекция, оның ішінде қызылша, көкжөтел 6,8 есе, А вирустық гепатиті 2,4 есе, коронавирустық инфекция 2,1 есе, лямблиоз 30%, аскаридоз 20% төмендеді", - дейді комитет.
Сонымен қатар, есепті кезеңде 24 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф бойынша жағдайлар тіркелмеген.
Қызылшаға қарсы профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі шеңберінде 336 мыңнан астам бала, ал көкжөтелге қарсы 480 мыңнан астам бала егілген. Вакцинациялаумен қамту ұсынылған көрсеткіштер шегінде болмақ.
Павлодар облысында қызылша және көкжөтелмен ауырғандар саны артып барады