АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев БҰҰ штаб-пәтерінде баяндама жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, бүгінде баламалы энергия көздері, цифрландыру, көміртекті азайту мен энергия үнемдеу технологияларын дамытуға басымдық беріліп жатыр.
"Ондайда дәстүрлі және баламалы энергия көздерін теңгерімді дамыту маңызды. Сонда ғана ұлттық қана емес, жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге болады", - деді Қожошев.
Осы орайда министр Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің энергетикалық әлеуетін ерешке атап өтті. Бес елде үлкен энергия ресурстары бар. Олар:
әлемдік газ қоры - 20%;
көмір қоры - 20%;
мұнай қоры - 7%;
электр энергияның әлемдік өндірісі - 5%.
Қожошев итеграциялар бастамалар, соның ішінде электрэнергия, газ, мұнай мен мұнай өнімдері бойынша ортақ нарықтарды құру жоспарлары жайында айтып берді.
Айта кетері, министр Қожошев БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша жоғары деңгейдегі саяси форумы аясында баяндама жасады.