Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЕО-ның ірі елдері АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ сатып алудан бас тарта бастады

Әзірге бұл Франция, Италия, Чехия және Венгрия
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде-Sputnik. Еуропаның төрт ірі елі Дональд Трамптың Украинаға американдық қару сатып алу жобасына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости.
Вашингтонның бастамасын Франция қолдамады. Politico мәліметтері бойынша, президент Эммануэль Макрон Еуропа мемлекеттерін жергілікті өндірушілердің есебінен өздерінің қорғаныс өнеркәсібін дамытуға шақырады.
Ал Италияға ақшаның жоқтығынан жобаға қатыспайтын болған. Рим АҚШ-тан Украина үшін PATRIOT жүйесін сатып алу жоспарын жариялаған Германиядан үлгі алмайтынын Stampa газеті түсіндірді.
Сондай-ақ, Чехия Трамптың жоспарына қатысудан бас тартты. Елдің премьер-министрі Петр Фиала Прага басқа жобалар мен көмек әдістеріне назар аударатынын түсіндірді — мысалы, оқ-дәрі жіберу бастамасы.
Қарсы шыққан тағы бір ел - Венгрия. СІМ басшысы Питер Сийярто атап өткендей, Будапешт мұндай жеткізілімдерді қаржыландырмайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинаға көбірек қару жіберуге келісті