Әйелді баспалдақтан итеріп жіберген ер адамның үстінен полиция қылмыстық іс қозғады

Әлеуметтік желіде тараған видеода Амантай қажыға ұқсайтын адам әйелді итеріп жіберген
Sputnik
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Алматы қаласының полициясы әйелді баспалдақтан итеріп жіберген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде Амантай қажыға ұқсайтын ер адамның видеосы тарады. Ол үйдің кіреберісінде әйелді қатты итеріп жіберген. Видеоның жазбасында баспалдақтан құлаған адамның жамбас буыны сынғаны жайында жазылған.
"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - дейді полицейлер.
Алматы полициясы басшылығы тергеуді жеке бақылауына алды.
Баспалдақтан құлаған баланың әкесі: дәрігерлер ота жасаудан қорқып отыр