Алматы әуежайының қызметкерін кепілдікке алған ер адамға сот үкімі шықты

Машрапбек Баратов үш бап бойынша айыпталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 шілде - Sputnik. Алматыдағы әуежайда қызметкерді кепілдікке алған Машрапбек Баратов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әуежайдағы қызметкер қызды кепілдікке алған Машрапбек Баратовқа сот үкімі шықты. Прокурор соттан айыпталушыны 10 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушыға бұған дейін бас бостандығын шектеу тағайындалған. 2024 жылдың 26 желтоқсанындағы іс бойынша өтелмеген жаза мерзімі үкімге қосылды. Нәтижесінде қорытынды жаза 11 жылды құрады.
Машрапбек Баратов үш бап бойынша айыпталды:
кепілге алу;
қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық;
терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау.
Еске сала кетейік, биыл 7 наурызда әуежайда қызметкер қызды қала тұрғыны кепілдікке алған болатын.
Алматы әуежайында адамды кепілге алған күдіктінің тағы бір қылмысқа қатысы бар