Жаңа өнім қарсаңында астық нарығында белсенділік төмендеді

Майлы дақылдар нарығында да осындай жағдай қалыптасты
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда астық нарығындағы ойыншылардың белсенділігі бәсеңдеді. Өткен аптада баға айтарлықтай өзгермеді.
Тек Hi-Pro бидайы ғана арзандады. Астық нарығы жаңа астықты күтіп жатыр, деп хабарлайды ҚХА ақпарат агенттігі.
28% желімшесі бар 3-класты бидайдың тоннасы ҚҚС қоса алғанда бұрынғы 132 мың теңгенің орнына 121 мың теңгеден сатылуда.
Қалған санаттардың құны өзгеріссіз қалды:
3-класты бидай 25%-ға дейін – 96 мың теңге,
3-класты бидай 23%-ға дейін – 91 мың теңге,
4-класты бидай 20%-ға дейін – 88 мың теңге,
5-класты бидай 17%-ға дейін – 80 мың теңге,
2-класты арпа – 88 мың теңге,
қатты бидай ақуызы 14%-дан – 81 мың теңге.
қатты бидай ақуызы 15%-дан – 94 мың теңге.
Майлы дақылдар нарығында да осындай жағдай қалыптасты – бір аптада баға өзгерген жоқ:
зығыр – 300 мың теңге,
күнбағыс – 240 мың теңге,
рапс – 223 мың теңге,
мақсары – 212 мың теңге,
соя – 204 мың теңге,
қыша – 177 мың теңге.