Президент инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Бозымбаевты қабылдады
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары мемлекет басшысына өңірлерді дамыту бойынша қолға алынған шаралардың есебін берді, деп хабарлайды Ақорда.
Қанат Бозымбаевтың айтуынша, өңірлік стандарттар жүйесі енгізілмек. Бұл облыстар арасындағы және аймақ ішіндегі инфрақұрылымға қол жеткізу барысында байқалатын теңсіздікті төмендетуге, елді мекендерді дамытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ 86 мың шақырым коммуналдық желінің құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосу қарастырылған.
Ол мемлекет басшысына тұрғындарды су және кәріз жүйесімен сапалы әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін коммуналдық жүйелерді басқару бойынша трансұлттық компаниялармен келіссөздер жүргізілгені жөнінде айтты.
️Президент инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бірыңғай цифрлы экожүйе енгізу, су саласын цифрландыру және су үнемдеу технологияларын қолдану жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Тоқаев ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады