Бектенов баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты

Оның пікірінше Салық кодексі нормаларының енгізілуіне байланысты баспана бағасы күрт өспейді
Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов келесі жылдан бастап баспана бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2026 жылдан бастап құрылыс компаниялары үшін салықтық жеңілдіктер алынып тасталады. Оған қоса, 16 проценттік қосылған құн салығы енгізіледі. Осыған байланысты баспана бағасы күрт көтеріледі деген болжам бар.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың айтуынша, бүгінде құрылыс компанияларына салықтық жеңілдіктер берілсе де, баспана бағасының өсуі баяулайтын емес. Себебі барлығы "тым жоғары табыс" табуға тырысып жатады. Сондықтан келесі жылы енгізілетін салықтар бағаға қатты әсер етпеуі керек.
"Біздіңше, келесі жылы Салық кодексі нормаларының енгізілуіне байланысты баспана бағасы күрт өспейді. Ал алыпсатарлық немесе өзара келісіп бағаны көтеру әрекеттеріне жол бермейміз. Оған қажетті заңды шаралар бар", - деді Бектенов үкіметте өткен брифингте.
Қазақстанда баспана сатып алу 2,1%-ке азайды