Балалардың көзінше болған: Алматыда ер адамды пышақтап өлтірді

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Алматыда жасөспірімдердің көзінше ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Ер адам азаматтық некедегі әйелінің өгей әкесін пышақтаған. Бейнежазбада ер адам жерде жатқан адамға бірнеше рет пышақ сұғады. Сорақысы сол, бұл оқиғаға жасөспірімдер куә болып, видеоға түсірген. Оқиғаға қатысты Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
"Күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Алматы қалалық полиция департаменті.
Полицияның айтуынша, қылмыс екі адамның арасындағы ауызша жанжалдан болған.
Астанада ер адам бойжеткенді пышақтап өлтірді