"Славян базарының" Гран-при жүлдесін Алмагүл Батталиева жеңіп алды

Халықаралық фестиваль Витебск қаласында өтті
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Беларусьте "Витебсктегі Славян базары" халықаралық фестивалінің қорытындысы шығарылды.
Гран-приді қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева иеленді.
"Славян базарының" Гран-при иегері Алмагүл Батталиева
Бірінші жүлдені Беларусь әншісі Лера Бернатович алды. Екінші жүлде армениялық Давид Киракосян мен италиялық Доменико Барбераға бұйырды. Үшінші жүлде ресейлік Ерік Ахметовке тапсырылды.
"Славян базарының" Гран-при иегері Алмагүл Батталиева
2024 жылы Қазақстан атынан Ерназар Жұбан өнер көрсеткен болатын, ол фестивальде бірінші орын алды.
Көптеген қазақстандық орындаушы үшін "Славян базары" әлемдік сахнаға шығатын тұғыр болды. Мысалы, 2015 жылы Димаш Құдайберген "Славян базары" фестивалінде Гран-при жеңіп алса, 2018 жылы байқаудың қазылар алқасының құрамында отырды.