АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Перизат Қайраттың қоғамдық қорын құру туралы хаттамадағы құрылтайшылардың қолдаңбасына жасалған сараптаманың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін желіде қор құрылтайшыларының тізімі жарияланған болатын. Бүгін оларды сот отырысына да шақырды. Басым бөлігі қордың негізгі құжаттарына қол қоймағанын мәлімдеді. Ал прокурор Мадина Оразалина құрылтайшылардың қолтаңбасына жасалған сараптаманың нәтижесін жариялады.
Оған сәйкес, Сергей Матюшенко мен Дамир Хисмалутин бір ғана құжатқа қол қойған, қалған екі құжатта олардың қолтаңбасын Перизат Қайрат келтіріп қоя салған.
“Ал Гүлнәз Сейтқамал, Шадияр Тұрғанбай, Мағзұм Арсланбек, Тоқтар Болысов, Әйгерім Серікжанова мен Аян Хафиз барлық үш құжатқа да қолтаңбаны өздері қоймаған. Сараптама қорытындысы бойынша олардың атынан Перизат Қайрат қол қойған”, - деді Оразалина.
Тағы бір құрылтайшы Аружан Аманбайдың қолтаңбасына сараптама жасауға мүмкіндік болмады. Себебі салыстыруға қажетті материал ұсынылған жоқ.
Айта кетері, құрылтайшылардың тізімі 10 адам тұрады. Бүгінгі сотта “Biz Birgemiz Qazaqstan 2030” қоғамдық қорының құрылуына қатысты мәліметтер де жарияланды.