ЕЭК-те ұшқышсыз авиация жүйелерінің келешегі талқыланды

Талқылауға қатысушылар өз тәжірибесін және халықаралық тәжірибені бөлісті
Sputnik
АСТАНА, 14 шілде - Sputnik. "Азаматтық авиациядағы ұшқышсыз ұшу авиациялық жүйелері: келешегі, сын-қатерлер және реттеу" атты дөңгелек үстелге қатысушылар азаматтық мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланудың жай-күйі мен перспективаларын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану қауіпсіздігін талқылады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Жаһандық цифрландыру және тиімді логистикалық шешімдерге сұраныс жағдайында ұшқышсыз технологиялар қауіпсіздікті жақсарту, шығынды азайту және көліктің функционалдығын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады", - деді ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Сондай-ақ іс-шарада қазіргі заманда ұшқышсыз ұшу авиациялық жүйелері саласындағы қызметті реттеу мәселесі бойынша тәжірибе алмасылды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша ұшу қауіпсіздігі, цифрлық технологиялардың, оның ішінде жасанды интеллектінің рөлі және т.б. мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар енгізілген қаулы дайындалды.