Түркия астанасында 26 қабатты тұрғын үй өртенді, үш адам көз жұмды

Қаза тапқандар арасында үш айлық сәби бар
Sputnik
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Түркия астанасы Анкара қаласында көпқабатты үйден өрт шығып, үш адам, оның ішінде үш айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды TRT Haber телеарнасы.
Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт сағат бойы күресті.
"Анкараның Чанкая ауданында 26 қабатты ғимараттан өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде 3,5 айлық нәресте бар. Бригадалар төрт сағатқа жуық жұмыс істегеннен кейін өрт ауыздықталды", - деп хабарлады телеарна.
Өрт сөндіру қызметінен алынған ақпаратқа сәйкес, 39 адам, оның ішінде жеті өрт сөндіруші түтінге уланып қалған.
Алматыда ұн зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің барлығы қайтыс болды